Ашаршылық, ашығушылық, аштық, жұтшылық

lat: Asharshylyq, ashyǵýshylyq, ashtyq, jutshylyq.

Ішіп-жемнің жетімсіздігінен болатын күйзеліс, жоқшылық.

Қасболат тағы да елге шығып, кешегі ашаршылықта ата-анасынан айырылған, туыстарын паналап жүрген жетім балаларды жинайды (Т. Ахтанов).

Ол озбырлыққа, қорлыққа қарсы аштық жариялап, қашан осы түрмеден босанғанша ашығушылығын тоқтатпайтынын жариялады (Ғ. Мүсірепов).

Аштық жылы Орынбор маңындағы Ноғай Қарғалысына босып барған алыс жегжат, жақын жұрағатымыз бір ауыл екен (Б. Аманшин).

Торғай губерниясына қараған ел жұтшылыққа үшырап, біздің елден жәрдем жиналды (Ш. Айманов).