Ассоциация

lat: Asosıasıa

- (лат. associatio-қосу, қосылу)-1) қоғамдық бірлестік (одақ); 2) шаруашылық, ғылыми, мәдени, саяси немесе басқа мақсатқа жету үшін мекемелердің, ұйымдардың немесе тұлғалардың бірлестігі; 3) психологияда-психикалық үдерістердің арасындағы байланыс, бір үдерістің пайда болуы (шығуы) онымен байланысты екінші үдерісті туғызады; 4) биологияда (ботаникада)-өсімдіктерді жіктеу бірлігі; 5) гносеологияда-асоциативтікке негізделген білім алу әдісі.