(лат. associatio − қосу, біріктіру, байланыстыру) − психикалық элементтер арасындағы өзара байланыс. Психикадағы бір элементтің, белгілі бір жағдайда онымен байланысты басқа элементтерді де туындататыны Ассоциацияны білдіреді. Адамның әліпбидегі әріптерді бірізділікпен айтуын қарапайым Ассоциацияның нәтижесі ретінде көрсетуге болады. Субъектінің объектімен өзара қатынасының нәтижесінде пайда болатын Ассоциация заттар менқұбылыстардың шынайы байланыстарын бейнелейді. Ассоциация психикалық іс-әрекеттің қажетті шарты. Ассоциацияның пайда болуының физиологиялық негізінде – И.П. Павлов ашқан уақытша жүйке байланысының қалыптасу механизмі, яғни, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінің арасындағы жүйке жолдарының түйісуімен, осы бөліктердегі қозудың тұйықталуы жатыр. Ассоциация адам психикасындағы барлық күрделі құрылымдардың пайда болуының негізін құрайды.