АССОЦИАЦИЯ

lat: Asosıasıa

1) адамдардың қандай да бір нақтылы нәтижелерге жету мақсатында әртүрлі бірлестіктерге, одаққа және топқа бірігуі. Бұл атаудың кейінгі жылдары жасалған «қауымдастық» деген қазақша баламасы жиі қолданылады; 2) психологиядағы белгілі бір жағдайларда екі немесе одан да көп психикалық аурулардың арасындағы байланыс; 3) (хим.) заттардың молекулаларын (немесе иондарын) екі еселенген, үш еселенген заттарға біріктіру және т.б.; 4) (бот.) бірдей құрамды және өзара ұқсас өсімдік түрлерінің бір-бірімен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы.