Асқабақ торты

lat: Asqabaq torty

стол үстіне ұн үйіліп, ортасы шұнғылданады да, соған маргарин мен қант салынады. Май ұсақтап кескіленеді, қамыр иленеді де, бір сағаттай салқында ұсталады. Асқабақ тазартылып, тұқымы алынып тасталынады да, тіліктерге тілініп, ұсақтап туралады. Табаға салынып, қызуы бәсен духовкада 50 минут, яғни жұмсарғанша пісіріледі. Содан соң елекпен үгіліп, қант, жұмыртқаның сары уызы, сүт, бөрттірілген мейіз, лимон қабығының үгіндісі мен даршын қосылады. Жұмыртқаның ақ уызы сары уызынан ажыратылып салқындатылады да бұлғанып, асқабақ қоспасына араластырылады. Қамыр жайлып, майланған торт формасына салынады. Қамырдың жиегі көтеріліп, қоспа толтырылады. Торт қыздырылған пешке қойылып, 240° С температурада 10 минуттай пісірілген соң, от 180° С-ге бәсеңдетіледі де, тағы да 30 минуттай пісіріледі.