lat: At qulaǵy kórinbeıtin
а) Биік, қалың (шөп, егін).
Екі аралық ат құлағы көрінбейтін көкорай шалғын, шоғыр-шоғыр итмұрын, долана ағаштары (Р.Тоқтаров, Ертіс.).
ә) Түк көрінбейтін, көз ашқызбайтын, түтеген (боран).
Аспаннан жауып, жерден көтеріліп, ат құлағы көрінбейтін ақ боран ұйтқып соқты-ай кеп (Ж.Мұзапаров, Қаби қарт.).