Ат төбеліндей

lat: At tóbelindeı

Азғантай, көп емес, шағын бір топ.

Журнал жаңа шыға бастаған тұста қазақ совет әдебиетінің кадрлары ат төбеліндей аз еді (С.Мәуленов, Үркер).

Ат төбеліндей ауылдың малы сыймайтын жерлерге жүздеген халқы бар поселкелер орнады (С.Ысқақов, Табиғат).