Aтoм артиллериясы

lat: Atom artılerıasy

теңіздегі және құрлықтағы нысаналарды атом снарядтарымен атуға арналған артиллерия. Қазіргі кезде ядролық заряды бар снарядтармен ататын арнаулы зеңбіректер бар. Жаудың тасадағы өскери күшін, соғыс техникасын жоюға, әскери-инженерлік құрылыстарын бұзуға арналған. Атом артиллериясын алып жүру үшін, тез жүретін шынжыр табанды трактор немесе 10 тонналық автомобиль-сүйреткіш, жүк тасушы ұшақтар пайдаланылады.