Атомарлық факт

lat: Atomarlyq fakt

логикалық атомизм ағымының (Б.Рассел, Л.Витгенштейн) бұл басты ұғымы бойынша, бүкіл дүние бір-бірімен байланыссыз, ары қарай ажырамайтын, өзара тәуелсіз фактілерден тұрады. Бұл ұғым дүниенің бірлігін, оған тән ішкі байланысты, тұтастықты жоққа шығаратындықтан, шеткері тұрғыдағы плюралистік көзқарасқа апарады. Атомарлық факт ұғымының пайда болуы математикалық логикада өз орны бар «атомарлық» сөйлемдердің кейбір қасиеттерін сыртқы дүниенің құбылыстарына бейсыни көшірмелеуден туған деуге белгілі бір негіз бар.