қабылдау өрісінде жоқ сипаттамаларды әлеуметтік объектілерге (адамға, топқа, әлеуметтік қауымға) балаудың әлеуметтікпсихологиялық механизмі. Атрибуция қажеттілігі субъекттің әлеуметтік ортамен адекватты өзара әрекеттесуіне бақылау арқылы алатын мәліметі жеткіліксіз болған кезде, оны «толықтыру» қажеттілігімен сипатталады. Атрибуция тікелей қабылданатын ақпаратты «толықтырудың» негізгі амалы. Атрибуция зерттеуге ең алғаш Ф.Хайдер (1958) жұмысы бастау болды. 1970 жылдардың соңына қарай атрибуция аттитюдтармен қатар, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің басым объектілеріне айналды. Ең алғашында ол каузальдық атрибуцияға баланып, тұлғааралық қабылдаудың шегінде шоғырланып, адамзаттық мінез-құлықтың себептерін шығару ретінде түсіндірді.
Кейіннен атрибуция ұғымы кең мағынада қолданыла бастады. Ол тек мінез-құлық себептерін ғана анықтамай, әлеуметтік сипаттамаларды кең көлемде түсіндіруге қолданылды. Атрибуция тек тұлғаның ғана емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік объектілердің де сипаттамаларын білдірді. Ол қабылданатын объектілерді мағыналық жүйеде қарастыруға мүмкіндік берді. Кеңестік психологияда А. 1970 жылдардың соңына қарай көптеген әлеуметтік құбылыстардың механизмі ретінде анықталды. Оның топаралық өзара әрекеттестіктер мен отбасылық қатынастарды реттеу, өндірістік және т.б. шиеленістердің тууындағы рөлі көрсетіледі. Атрибуция (Каузальды) құбылысқа, адамға немесе бір тікелей қабылдауға әсері болмайтын қасиетті тіркеу. Атрибуция тұлғааралық қатынастар жағдайында кісінің басқа адамдардың мінез-құлық себептері мен мотивтерін түсінуі.