lat: Atrıbýsıa
қабылдау өрісінде жоқ сипаттамаларды әлеуметтік объектілерге (адамға, тоиқа, әлеуметтік қауымға) балаудың әлеуметтік-психологиялық механизмі. Атрибуция қажеттілігі субъектінің әлеуметтік ортамен адекватты өзара әрекеттесуіне бақылау арқылы алатын мәліметі жеткіліксіз болған кезде, оны “толықтыру” қажеттілігімен сипатталады.
Атрибуция — тікелей қабылданатын ақпаратты “толықтырудың” негізгі амалы. Атрибуция зерттеуге ең алғаш Ф. Хайдгердің (1958) жұмысы бастау болды. 1970 жылдардың соңына қарай атрибуция, аттитюдтармен қатар, әлеуметтік- психологиялық зерттеулердің басым объектілеріне айналды. Ең алғашында ол каузальдық атрибуцияға баланып, тұлғааралық қабылдаудың шегіңде шоғырланып, адамзаттық мінез-құлықтың себептерін шығару ретінде түсінілді. Кейіннен атрибуция ұғымы кең мағынада қолданыла бастады. Ол тек мінез-құлық себептерін ғана анықтамай, әлеуметтік сипаттамаларды кең көлемде түсіндіруге қолданылды. Атрибуция тек тұлғаның ғана емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік объектілердің де сипаттамаларын білдірді. Ол қабылданатын объектілерді мағыналық жүйеде қарастыруға мүмкіндік берді. Кеңестік психологияда атрибуция 1970 жылдардың соңына қарай, көптеген әлеуметтік құбылыстардың механизмі ретіңде анықталды. Оның топаралық өзара әрекеттестіктер мен отбасылық қатынастарды реттеу, өндірістік және т.б. шиеленістердің тууындағы рөлі көрсетіледі.