Аттау

lat: Attaý

Бала бөлмеге бір аттап кіріп, тізерлеп отырды (Ғ. Сланов). В. В. Радлов ад, адақ адым, адымла тұлғаларын сөз ете отырып, ада, ады түбірі ат формасынан шыққан болу керек дейді (Радлов. Опыт сл. I IV). Бұл пікір қазақ және басқа түркі тілдеріндегі атах, атла, атлам, атламақ, атта, аттам, аттау сөздерінің алғашқы өрбіген түбірі ат екендігін байқатады. Ат сөзі көптеген түркі тілдерінде «тастау, лақтыру, ату» мағынасымен байланысты қимыл-қозғалысты білдіреді. Бірақ солай бола 1 тұрса да В. В. Радловтың ад, ада, адақ сияқты сөздерді ат түбірінен дамыған деуі күдік туғызады. Өйткені ад, ада, адақ сөздерінің негізгі мағынасы «ақыры, соңы, аяғы» ал аттың мағынасы «тастау, лақтыру, ату». Ендеше, біздіңше, ад пен ат д/т дыбыстарының алмасуынан пайда болған түп-төркіні бір түбір емес, әркайсысының өзіне тән мәні мен мазмұны бар жеке сөздер. (А. Мах.)