әскери ұшақтарға және басқа ұшатын аппараттарға қондырылатын, дұшпан нысанасын жоятын қару мен оларды қозғалысқа келтіретін құрал-жабдықтар. Авиация қаруына ұшаққа орнатылатын қарулардың барлық түрлері, олардың қондырғылары, бомба тастайтын құрал мен атыс қаруының көздеуші жабдықтары, қару-жарақ жүйесіпің борттағы есептеуіш тетіктері, оқ-дәрілер, арнаулы жүктерді орналастыратын және түсіретін құралдар т.б. жатады. Авиация қаруы ракета, зеңбірек, пулемет бомбалағыш және арнаулы қару түрлеріне бөлінеді.
1. Зеңбірек-пулеметке – 7,62 мм-ден 15 мм-гe дейінгі пулеметтер, 20 мм және одан да үлкен калибрлі зеңбіректер, тиісті қондырғылар мен оқ-дәрілер;
2. Бомбалағыш қаруға түрлі мақсатта қолданылатын авиациялық бомбалар, торпедолар, миналар, оларды көтеретін және тастайтын құралдар кіреді.
3. Ракета қаруына басқарылатын және басқарылмайтын ракеталар — осы заманғы ұшақтардың негізгі қаруы жатады. Басқарылатын снарядтар мен осы заманғы авиация қаруы — механикалық, радио-техникалық, электрондық, оптикалық приборлар мен тетіктердің күрделі жиынтығы.