ұшақтан тасталатын снаряд. Авиациялық бомба корпустан, стабилизатордан (теңдікті сақтайтын аспап), жабдық заттарынан, жарылатын заттардан, аспалы құралдардан тұрады. Авиациялық бомба үш түрге бөлінеді: негізгі (ядролық, фугастық, өртегіш, жарықшақтық т.б,) көмекші (жарық беретін, аэронавигациялық, нысаналы т.б.) және арнаулы (суретке түсіретін, практикалық, түтіндейтін т.б.) бомбалар. Авиациялық бомба телемеханикалық жабдықтар арқылы ұшақтан басқарылады немесе оларда нысанаға бағыттайтын аспаптар болады.