[франц. avance] зат. қаржы. Айлық еңбекақының бір бөлігі немесе сатып алатын тауар үшін алдын ала төленетін қаражат, ақша. Аванс беру дегенiмiз - колхозшылардың еңбегіне бөлінетін табыс есебінен алдын ала бөлшектеп ақы төлеу (А.Шайбеков, Колхоз.). Аванс алған табыстан мың сомы бар екен (С.Ерубаев, Шығ.). Ай сайын аванс беріп, мал сатып әперудi ұйымдастырасыздар (Н.Оразалин, Ақ жазық).