Авантюра

lat: Avantúra

[франц. аventure] зат. Арандатушылық әрекет, көзбояушылық, тәуекелге бел байлап, оңай олжа iздeушiлiк. Соғыс авантюрасына барғанда интервенттер ерекше күш жұмсамай-ақ, тұтқиылдан соққы беру нәтижесінде өз мақсаттарына жетемiз деп ойлаған едi («Соц. Қаз.»). Майдандағы шабуылдың авантюра екендігі бастан-ақ айқын едi («Лен. жас»).