lat: Avtobýs
[нем. Аutobus]зат. Жүргіншілер таситын көп орынды автокөлік.
Республика астанасымен арада үздіксіз автобус жүріп тұрады (С.Шаймерденов, Мінез).
Соңынан бiр заманда жеттi автобус, Жарқылдап маңдайында жайнайды көз (И.Байзаков, Шығ.).
Бiр ару автобусқа жылап кірді «Қайтем?» - деп қабағында сұрақ тұрды. Қасына енді жете бергенiмде, Автобус мөңкіп кетіп, лақтырды (М.Мақатаев, Шығ.).