Автомат

lat: Avtomat

жаудың жанды күшін жою үшін қолданылатын дербес атыс құралы. Минутына 100 оққа дейін шығарады. Автоматтың көздеу қашықтығы 800 м. Тура ату қашықтығы 500 м. Салмағы жеңіл, жылдам атылатын болғандықтан, жаяу әскердің негізгі атыс құралы.