Автоматшы

lat: Avtomatshy

зат. әск. Автомат мылтықпен қаруланған жауынгер, атқыш.

Автоматшы автоматын дұрыс ұстап атса ғана атқан оғы дәл тиедi (Отан намысы.).

Ол солдаттың автоматшы болуға да, мина қоюға да, барлаушылық жұмысын істеуге де қабiлетi бар (Ә.Шәрiпов, Партизан.).

Қаптады танк құтырып,

Тоқтаттық талай тұқырып.

Автоматшы фашисті

Қираттық шөптей сыпырып (Қ.Әбдіқадыров, Таңд. Өлеңд.).