Автоматтандыру

lat: Avtomattandyrý

техника дамуындағы жоғары кезең, бұл кезеңге өндірістік, басқару және басқа қоғамдық қажетті процестерге адамның тікелей қатысуынсыз жүзеге асыру жатады. Автоматтандыру автоматты  станоктік желілердің (20 ғасырдың 20 жылдары) автоматты цехтар мен заводтардың пайда болуымен осы заманғы есептеу және машинамен басқару техникасының пайдалануымен (50 –ші жылдардан бастап) байланысты. Автоматтандыру машиналардың жұмысын бақылайтын және жалпы басқаратын адамның қатысуын жоққа шығармайды (жұмыс програмасын реттеу, оған тапсырма беру, шикізатпен қамтамасыз ету, жөндеу), дегенмен машина автоматикасының даму барысында ол осы міндеттерді де өз мойнына алады. Автоматтандыру еңбек өнімділігін күрт арттыру, өнім шығару көлемін  ұлғайту, оның өзіндік құнын кеміту және сапасын жақсарту үшін , өндірісті басқарудың тиімділігін арттыру үшін мүмкіндіктер жасайды.Өндірісті кеңінен автоматтандыру экономика, саяси және мәдени сипаттағы маңызды нәтижелерге қол жеткізеді.