Автомобиль

lat: Avtomobıl

[франц. automobile] зат. Рельссіз жолдармен жолаушы, жүк таситын іштен жану двигателі бар, өздігінен жүретін мәшине.

Адам көп, сөз, күлкі, алыстан трамвай, автомобиль дыбыстары естiледi (С. Ерубаев, Шығ.)

Ауылдың ортасына тұра қалғанымызда бiраз қазақ жүгіре басып жақындап келіп автомобильді қамап алды. Рүстемхан - әрi слесарь, әрi мотор маманы, автомобиль ісінің он саусағынан өнер тамған бiлгiрi («Қаз. әдеб.»).