(autonomy) – Италияда жұмысшы табын капитализмнің ықпалынан қорғау үшін құрылған қозғалыс. Радикал солшыл сипаттағы бұл қозғалыстың стратегиясы капиталистер таңып отырған жұмыс тәртібінен бас тарту, институционалды жұмысшы тап қозғалысының реформа талап ететінін білдіру, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс берушіден тәуелсіз, дербес болуын талап ету еді. Карло Тронти, Антонио Негри сияқты ғалымдар ойлап тапқан «Автономия теориясында» капитализмнің дамуы әр жұмысшының өз жұмысына шығармашылық көзқараспен қарап, ыждаһаттылықпен орындауына байланысты десек, тиісінше әрбір жұмысшының капиталда үлесі болуы тиіс деген. Капиталистер олардың бұл үлесін мойындамаса, әр жұмысшы жұмыс істеуден бас тартуға құқылы дейді. Қозғалыс стратегиясында кәсіподақтардан қолдау таба алмаған «жабайы» ереуілдерді саботаж ретінде тиімді қолдана білді. Анархистер автономия идеясын нарықтық және капиталистік экономикаға жатпайтын автономды аймақ құру үшін пайдаланған.