lat: Avtor
зат. 1. Белгілі бір көркем шығарма, ғылыми еңбек, жобаны жазған адам, соның иесі.
Жүдете ме тосын мұң?
Жанымды көп қинаймын.
Жақсы жырын досымның
Авторына қимаймын (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Бұл - кәдiмгi «Ақылдың азабы» атты комедияның авторы, атақты жазушы Грибоедов (А.Машанов, Жер асты.).
2. ауыс. Белгілі бір жағымды не жағымсыз оқиғаға, жайтқа себепкер болған адам.
Қарсы аламын. Баянсызын танимын, Сезiмiмдi жігерiме жанимын. Содан кейін ақылыма жоқ тыным, Сол қайғының тапқанынша авторын (М.Шаханов, Ғасырлар.).