Аз емес

lat: Az emes

Жеткілікті, жетерлік.

Алайда, - десті шешендер, - жедел түрде қолға алатын істер аз емес. Өзімізде өңделетін мал өнімдері әлі де қымбат, сапасы төмен, бәсекелестікке төтеп бере алмайды («Егемен Қазақстан»).

Қызығып асау Есілге,

Аз емес ойға түйгенім.

Есімде ауыл кешінде

Бетіңнен алғаш сүйгенім (К.Салықов, Жезкиік.).

Білген жанға өмір деген мәңгі жарқын жаз емес,

Жұмыр бастан кетіп жатар кемшілік те аз емес.

Әрине, оған кейде-кейде керек шығар кешірім,

Алайда оны кешірместен досша айтудың несі мін (Т.Айбергенов, Мен саған.).