Аз емес

lat: Az emes

Жеткілікті, жетерлік. Алайда, есті шешендер, едел түрде қолға алатын істер а з е м е с. Өзімізде өңделетін мал өнімдері әлі де қымбат, сапасы төмен, бәсекелестікке төтеп бере алмайды («Егемен Қазақстан»). Қызығып асау Есілге, А з е м е с ойға түйгенім. Есімде ауыл кешінде Бетіңнен алғаш сүйгенім (К.Салықов, Жезкиік.). Білген жанға өмір деген мәңгі жарқын жаз емес, Жұмыр бастан кетіп жатар кемшілік те а з е м е с. Әрине, оған кейдеейде керек шығар кешірім, Алайда оны кешірместен досша айтудың несі мін (Т.Айбергенов, Мен саған.).