lat: Az-azdap
үст. Біртіндеп, аздап, ақырындап, шамалап.
Жасынан қалық берiп, жыл сайын аз-аздап малынан құтылып, тұңғышының атын шығармады (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ол азаздап қазақша бiле бастап едi, бiрақ сирек кездесетiн сөздердi түсiне алмай қалатын (М.Қаратаев, Далада.).
Достық бойы жылымай, көпке дейiн тоқазып, тітіркеніп отырды. Ыстық ас iшкесiн ғана аз-аздап өзіне келе бастады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).