Азаю

lat: Azaıý

Азай етістігінің қимыл атауы.


1.     Сан жағынан кему, аз болып қалу.

Ұрылар саны жыл сайын азаю орнына көбейе түсті (С.Мұқанов, Аққан жұлд.).

Назначение қылғанда тергеуi, сұрауы барлығына қарамаса, өтiрiк арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар едi (Абай, Тол. жин.).

2. Таусылуға айналу, көлемінің кемуі.

Зар хатым - бұл хатым,

Бiздi тыныш жүр деме. азайып қуатым,

Денем жүр көрмеге (Абай, Тол. жин.).

Кім жас, кім қарт, уақыт өзі iрiктер,

Ер көбейсiн ат қып мiнер қиялды.

Қарттық - оттық азаюы,

Оты азайған жiгiттер

Қай кезде де қоғам үшін зиянды (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Рас, онда төртеу еді, енді азайыппыз.

Азаю да кебею сияқты өмір заңы ғой (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме.).