Азайту, алу, кеміту, шегеру, қысқарту

lat: Azaıtý, alý, kemitý, shegerý, qysqartý

Кұбылыс пен зат мөлшеpi, саны бұрынғы қалпынан кеміп, аздық қалыпқа түсу .

Қаладағы шуды азайтуға, ауа мен суды таза сақтауға биік сәнді ағаштың ceптігі тиеді («Парасат»).

Он бестен алтыны алсаң, тоғыз қалады, - деп оқушы жауап беріп жатты («Қазақстан мұғалімі).

Қозғалыстың артынан eкi жылға толмай-ақ жұмысшылардың санын кемітіп, көбісін жұмыстан шығарып, қаңғыртып қоя береді (С. Шәріпов).

Бәрінен де сізді отыз жеті жаста деп, жиырма жасқа шегергені керемет екен (И. Есқараев).

Ал, формасы жоқ балалар мен қыздар сендер үшін программаны қысқарта алмаймын (Ә.Бүркітбаев).