Аза

lat: Aza

зат. 1 . Кісі өліміне байланысты қайғы-қасірет, мұң-шер.

Өлімнен аза шеккен, сол азаның кесірінен адамзатқа hәм барлық тірлікке қатал болып кеткен Темірдің жанына таныс дауыс едi бұл.Жұмабаев, Шығ.).

Жау әкелген аза мен қазаны, қасірет шеккен совет адамдарын көз алдыңа келтірмек болсаң, сол қоңыр үйдің иесiн бiл.Иманжанов, Адам түр.).

Осындай азасы көп күндер шегіп, Жанынан жалын төкті Кұрманғазы.Ерғалиев, Кұрманғазы).

2.этн. Кісі өлген үйге жақын туыстары мен жегжаттарының малдай не заттай алып баратын жәрдемі.

Абай Дәркембайдың үйіне аза ретінде бір сиыр, бір түйе сауын әкелгiзiп едi.Әуезов, Абай жолы).

Қысымын он екі айдық көргенбiсің,

Не жауыр, не қотырдан өлгенбiсің.

Етіңiз ата малға ұқсамайды,

Не аза, не киіттен келгенбiсің?! (Шал ақын, Өлеңд.).

Уытты сөз адамға берер сенім,

Ел толғағын тебiренiп кең екшедің.

Алғадайдың азасын тиеп жетті мұңға толы мұхитқа кемең сенің.Салықов, Жезкиiк).

Кемпiрдің азасына әкеп салып,

Бата оқып, ет, қымызға тояр едiм (I.Жансүгiров, Поэм.).