lat: Azdap
үст. Біраз, аздаған.
Іздедік көңілiмiзбен көптен бері,
Әркiмнің өзіне ыстық еткендерi.
Бiз аздап тозып кеттiк, озып кеттi,
Жастықтық не бiр сұлу көктемдерi (Т.Молдағалиев, Шақырады көктем).
Қынаның басытқысына тұз, ашудас немесе мүсәтірдің бiрiн қосып, аздап май құяды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнерi).
Оспан жарқабақтан бiр тиянақ тауып, жарқанатша жабысып тұр, бойында аздап дiрiл бар (С.Баязитов, Күтпе. кездесу).
Сеніңде аздап күнең болған шығар, Адал деп Қожбаңды да ақтамаймын (Айтыс).