Азеотроп қоспасы

lat: Azeotrop qospasy

х и м. Тұрақты температурада қайнаған кезде құрамдас бөліктерге бөлінбей, бастапқы қалпында буға айналатын сұйық заттардың қоспасы.

Өнеркәсіптік маңызы бар қоспалардың жартысына жуығы азеотроп қоспасын түзеді (Қаз. тілі термин. Химия).