Азық

lat: Azyq

зат. 1. Дәнді егістік өнімі, астық.

Азық, дегенде қара ала дорбамен бip дорба  ғана бидай қалған (Б.Тұрсынбаев, Ауылда.).

Сенің азығыңның тағы бiрер центнерiн жұмсадық (С.Төлешев, Түрлі. бас.).

Тiрi болсам төлермін маған азығынан қарас (Б.Майлин, Шығ.).

2. Ішіп-жейтін тамақ, ас.

Жаз жимай қыс азығын жатушы едің

Арзанға қымбатықды сатушы едің.

Eңбекпен табар пайдаң болмаған соң,

Борышқа шаш етектен батушы едің (М.Дулатов, Шығ.).

Eрте ойлансын, ескерiп азық алсын,

Не сатты, не жинады, жазып алсын.

Бiз байқамай асыл деп арамды алдық,

Есі дұрыс кiсiлер неғып алсын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Өмiрлiк азық қылып жатайын деп,

Жолдасынан жасырған айтпай оны.

Алдынан ұя жасап, жатқан бұғып,

Қарны ашса жүредi кiрiп, шығып (Ш.Құдай­бердиев, Шығ.).

3. Малдың қорегі, жемшөп.

Қырқылған қой денесінен жылылықты кенет жояды, сондықтан оларға алғашқы кезде пана және құнарлы азық керек (С.Омаров, Қой. бағу.).

Бұл қолхоз қыстан қысылыңқырап шықты, қыс аяғында мал азығының тапшылығы сезiлдi (С.Шаймерденов, Мезгiл).

Жауынның жауа бергенiнен зиян жоқ.

Көк шөп қаулап өседі малымызға азық мол болады (А.Байтанаев, Асан).

4. ауыс. Рухани қажеттілік, жан дүниенің мұқтаждығы.

Eкiншi жігіттің елеушiлерi - Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шәһкәрiм, Бекет Өтетілеуов. Бұлардың өлеңi сырты төгілген, сұлу, тiлi кестелi, анық, халықтық ұғымына, оқуына жеңiл, тетігі. Бұлардың елеңдерiнің сезiм мен қиялға тәрбие әсерi аз, ақылға азығы бар. Бұлар халықшыл (народник) ақындар (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бастапқы шығармаларын үгіттiк түрде жазған Асқар өмір шындығына жыл санап тереңдей бердi де, өз шығармаларына азықты соның тұнығынан сүзіп алды (С.Мұқанов, Өсу жол.).

Оқу - білім азығы, Білм - ырыс қазығы (Мақал-мәтел).