lat: BÁIGE
з а т. 1. э т н. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан ат жарыстыратын дәстүрлі ұлттық спорт ойындарының бір түрі, ат шабысы. Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа Бәйгеде ұлы дүбір жарысқаның (М.Дулатов, Шығ.).
Бәйге - халық арасына ертеден кең тараған, ең қызықты сайыстың түрі. Бәйгеге қосылатын жүйрік аттар күні бұрын дайындалады. Күннің ыстық мезгілінде бір айдай жаттығу ұйымдастырып, аттың терін шығарып отырады. Ол үшін аттың денесін жабулап, жазық жерде шаптырып, өрге қарай желдіреді («Парасат»).
Ия, бұл бәйге аз емес, Ақан серінің Құлагері де бір жарыста бәйгесіне мың сом алған жоқ шығар! Мұнысы былай тұрсын (С.Сейфуллин, Шығ.).
2. Еңбекте, өнерде, спортта жеңімпаздарды іріктейтін жарыс, сайыс. Бірақ аңшылық бәсекесі - өзі бәйге (М.Әуезов, Абай).
Мәдениет бәйгесінде алда келе жатқан жұрттың қатесі кейінгіге сабақ. Алдыңғы келе жатқан жұрттың жығылған жары, сүрінген томары кейінгінің бетін еріксіз бұрғызады (М.Әуезов, Шығ.).