БӘРБІ

lat: BÁRBİ

з а т. Қатты затты, темір заттарды тесетін бұрандалы қолбұрғы, бұрғылау аспабын айналдыруға арналған тетік.


Бәрбі электрлік, пневматикалық және қол бәрбі болып бөлінеді (ҚСЭ).

Дрель - бәрбі - қол бұрғы - бөлшекті яки бұйымды бұрғылап тесу үшін қолданылатын аспап.

Бәрбі - тамаша инженерлік шешім, ұшқыр ойдың табысы («Зерде»).