БӘСЕКЕЛІ

lat: BÁSEKELİ

с ы н. 1. Бақталастығы, күндестігі бар, бәсекелес.

Бұрынғы бәсекелі байлар мына жолы тіпті қызулы ерегіске түсіпті (І.Жансүгіров, Шығ.).

Уа, қараңдар! Бұралқы иттей әрең жүрген көшедегі,

Өз жылқышым өзімменен болып шықты бәсекелі (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. Бәс тігіскен, бәске түскен, ерегіскен, егескен.

Екі завод Қызу думан.

Екпін күймен Көркем шумақ

Конвейерлер сумақ-сумақ

Бәсекелі жарыста (С.Сейфуллин, Шығ.).