БӘСЕКЕЛІК

lat: BÁSEKELİK

з а т. Бәсекеге түсушілік, бақталастық.


Біздің жас проза... жақсы мағынасындағы бәсекелік сезімді тұтата алатын дәрежеге жетті (Ғ.Мүсірепов, Суреткер).

Бірақ осының игілікті орны мен жарастығын ойлаудан гөрі солардың төңірегінде бәсекелік, асырып түсіру, атаққа шығу деген секілді жалған жомарттық, орынсыз ысырап етек алып келеді («Лен. жас»).