БӨГЕЛЕК

lat: BÓGELEK

зат.зоол. <лат. oestrus> Жәндіктер класының, қосқанаттылар отрядының бөгелек туысы.

Үйездеу деп жылқының ыстық күндерде шыбын-шіркейден, бөгелектен, масадан, сонадан қорғалап, екі-үштен, не одан да көптен топтанып бір-бірінің көлеңкесіне бастарын тығып, шұлғып тұруын айтады (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.).

Инелік, шегіртке, бөгелек, масаның қалың шөптің арасынан ұшып, әуелі қаптап, шарықтап, олай- былай жүйткіп шыр-шыр етіп, қанаттары дырылдап, ызылдағаннан басқа, екі аттың пысқырып, құйрығы суылдап, аяғын тебініп, бөгелек шаққанынан басқа, анда-санда шық- шық еткен торғайдың дауысынан басқа жаңғырыққан ешбір тықыр не бір үн естілмейді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бөгелек тыпырлатқан жылқыдан өзгенің бәрі көлеңке қуалап, ыстықтан қорғалауда (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).