әсіресе жаз мезгілінде жылқыға маза бермей шағатын қанатты жәндік. Бөгелектің сиыр малына үйір түрі сәйгел деп аталды. Бөгелектер жануарлардың терісіне жұмыртқа салады. Сиырдың терісінде болатын бөгелекті оқыра, оқыра құрты дейді. Бөгелек тиген жылқы басын изеп, құйрығымен сабалап, жел соғатын биіктеу жерге немесе суға қарай қашады. Денесі тітіркенген жылқының денесін үйкеп, қасып, тістеп мазасызданып жанталасуын бөгелектеу, бөгелек тиді деп атайды.