lat: BÓGELEKTE
ет. Бөгелектен қашу.
Шаруа қоңыр сиырын әйеліне сауғызады да, күні бойы бөгелектеп оттай алмағанын ескерді де, өріске айдады (О.Бөкеев, Қайдасың.).
Бөгелектеген жылқы, шанышқақтаған сиыр шауып келмесін деп, Зейнеп салт ат ерттетіп, бір жігітін күзетке қояды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Жылқылар өзен бойын үйездеп бастарын шұлғып,бөгелектеп, кейбірі су кешіп, шыбындап тұр (Ә.Бөриев, Ақ бидай).