БӨЛІМ

lat: BÓLİM

зат. 1. Белгілі бір мекеменің, ұйымның, өндіріс орнының құрамына кіретін жеке- жеке сала.

Округтік денсаулық сақтау бөлімі оны Москваға, дәрігерлік институтқа оқуға жіберген (3.Шашкин, Өмір.).

Орта бойлы, шүңірек көз, жирен сақал адам қылмыс іздеу бөлімінің бастығына келді (К.Тоқаев, Тасқын).

«Жас қайратта» саяси, шаруашылық, өнер, білім, тәлім-тәрбие, әдебиет бөлімдері бар еді (Ш.Ерманов, Мәңгі жастық).

2. Институт факультеттерінің ішіндегі мамандық бойынша бөлінғен топ.

1931-33 жылдары Москвада, қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде ол екеуміз бір столда қатар отырып оқығамыз (С.Мұқанов, Алып. адым.).

Совет өкіметі жылдарында жоғары оқу орындарының журналистика бөлімдерін бітірген маман кадрлар өсіп жетілді (С.Мәуленов, Жұлдыз.).

Бүл кітап негізінен физика-математика факультеттерінің физика бөліміне арналып жазылған-ды (М.Құдайқұлов, Оқу киносы).

3. әск. Шағын әскери топ, взводтың бір бөлігі.

Ендеше өз бөлімінен қалып қойып, орман ішінде адасып жүрғен бір солдатты қосып алыңыз (Т.Ахтанов, Дала сыры).

Рүстемдердің бөлімі Дон бойында немістермен үш күн бойы қатты ұрысты (С.Бегалин, Ана.).

Бала Александрды арқалап, өз бөлімінің санчастысына қарай тартып келеді (Қ.Әбдіқадыров, Мақташы.).

4. Қандай да бір ғылыми еңбектің, оқулықтың, пәннің белгілі бір тараушасы.

Сонымен, физиканың оптика бөлімінен өзімізге белгілі заңға келіп тірелдік: сәуленің түсу бұрышы синусы мен сыну бұрышы синусының қатынасы қандай болса, оның бірінші ортадағы жылдамдығы мен екінші ортадағы жылдамдығының қатынасы да сондай болады (О.Жәутіков, Жоғары математика.).

5. Әдеби шығарманың, концерттің, театр т.б. өнер салаларының жеке бір бөлігі.

«Ер Төстік» ертегісі төрт бөлімнен құралады (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.).

Бүркіт астанаға қайтқанда өзінің осы жаңа дастанының алғашқы бөлімін бітіріп ала келді (І.Есенберлин, Қатерлі.).

Бұл өлеңнің алғашқы бөлімі қала маңындағы халық аузында сақталған (М.Ақынжанов, Қаз. ағартушы.).

6. Бөлік, жақ, бет.

Ол құлақтан келетін жүйкелік белгілерді реттейтін және оларды одан әрі қарайғы өңдейтін жоғарғы бөлімге - мидың есту қыртысына жеткізетін бірнеше орталықтардың тізбегінен тұрады («Түркістан»).

Егер ағзадағы қалыпты клеткалар бөлінерде астыңғы бөлімге, тұғырға сүйенетін болса, яғни төсеніш рөлін атқаратын тұғыр клеткалар болуы шарт болса, қатерлі ісік клеткалары ондай тұғырды қажетсінбейді («Түркістан»).