lat: BÓLİMDİ
сын. Бөлімнен тұратын, жеке-жеке бөліктен құралған.
«Үй менікі демеңіз, үй сыртында кісі бар» деген даналықты мәтел деп қарайды. Неге десеңіз, бұл өзі екі бөлімді болса да, мүнда мақалдағыдай қорытынды, түйін айтылып тұрған жоқ (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).
Мысалы, Ысқақов Ілияс дегеннің 1948 жылы шығарған «Асан қайғы» поэмасы - екі бөлімді ұзақ жыр («Қазақст. мект.»).