БӨЛІНГІШ

lat: BÓLİNGİSH

зат.мат. Бөлгішке бөлінетін сан.

Бүтін санды бөлшекке бөлу үшін олар бөлінгішті бөлгіштің бөліміне көбейтіп, бұдан шыққан санды алымына бөледі (О.Жәутіков, Математика.).

Бұл жағдайда бөлінгіш (АВ) қатынастың алдыңғы мүшесі, бөлгіш (СД) қатынастың келесі мүшесі, ал бөлінді (1,5) қатынас деп аталады (Геометрия).