lat: BÓLEÝ
Бөле етістігінің қимыл атауы. 1. Нәрестені бесікке салып, орап таңу, құндақтау.
Әйел біткен қазақтың бесігін тамашалайды. Шүмек, түбек, бала бөлеуді көріп мәз (М.Гумеров, Хазірет.).
2. ауыс. Малындыру, кенелту, толтыру.
Болашақ қаламызды жасыл ағашқа бөлеу жорығына да барлық жастар қатысты (Т.Қойшыманов, Қоңырат.).
Қапаменен қан жылап қалжыраған жүректі маған қайта оятып, қайта шаттыққа бөлеу қаншалық қиын екенін ескердің бе? (Б.Тәжібаев, Қараторғай).
Намаз Алланың өзі көркем жаратқан адамдарға күні бұрын ойластырып, үлкен шеберлікпен жасап отырған қамқорлығы, мейірімділігі. Ол арқылы пенделерін мол сауапқа бөлеуді және алдын ала дауасын беріп, дерттерден қорғауды қарастырған («Егемен Қазақстан»).