БӨЛЕ

lat: BÓLE

зат. Апалы-сіңлілі адамдардың балалары. [...]

Ол екеуміздің шешелеріміз бір шешеден туған, қазақ мұндайды бөле дейді (Ә.Әбішев, Пьеса.).

Екеуміздің шешеміз әпкелі-сіңілі. Демек, біздер бөлеміз - сен әпке де, мен іні (Ш.Әлдибекұлы, Көгілдір көкжиек).

Оспан Қанипаға бөле. Екеуінің шешелері немерелес адамдардың қызы (С.Омаров, Дала қызы).

Қанай аға өз бөлесін бұл жолы да тастап кетпек болған еді (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз әуен.).