БӨЛЕК

lat: BÓLEK

зат.сөйл. Бөлік.

- Мына бөлегін моншашыға бересіңдер, мына бөлегін моншадан шығарда анау есік алдында отырған контролерге тапсырасыңдар (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Жер шарының сол бөлегін ашқан Христофор Колумб та жазбапты (Ж.Тілеков, Қайнар).

Жүректің үш бөлегін өзінің үлкен ұлына, кіші ұлына, келініне берді де, төртінші бөлегін менің алдыма қойды (Қ.Исабаев, Арман.).