lat: BÓLSHEK
з а т. 1. Тұтас нәрсенің жеке бір бөлегі.
Жоқ ұштығы жол шегімнің,
Аспан мен Жер - сол серігім.
Мен - дүние өлшемімін,
Мен - табиғат бөлшегімін (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).
Сол кезде туған қопам - Шұбалаңым,
Көрінер көрмесіндей бір Алланың,
Көрінер жалпақ жиһан бөлшегіндей,
Соларды алдыма алып қуанамын (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Белең емес,
Өлеңнің, емшегімін.
Өтсін дер ем, жас талап, менше күнің.
Менің өзім - бәрімін,
Барлығымын,
Табиғаттың кішкене бөлшегімін (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
2. тех. Кез келғен механизмнің жеке-жеке тетігі, белгілі бір деталі.
Талғат бір кезде қиялы ғана болған самолеттің бөлшектерін енді көзімен көріп, ұшу жолдарын үйрене бастады (С.Бақбергенов, Өз. жігіт.).
Маузер атты мылтықты мен бұдан бұрын ұстап та көргем, әр бөлшегін ыдыратып ап, қайта жинағанын да көргем (С.Мұқанов, Өмір мектебі).
Машина немесе механизм сияқты кез келген бұйым өзара қосылған жеке-жеке бөлшек детальдардан құралады (Сызу).
3. терм. Қоршаған ортадағы заттардың негізі болып табылатын ең кішкене (ұсақ) бөлік: атом, молекула, нейтрон, протон т. б.
Бізді қоршап тұрған табиғи заттар ең ұсақ бөлшектерден - атомдар мен молекулалардан тұрады (А.Мырзабаев, Хим. қызығы).
Бірнеше жылдар бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде барлық элементтердің атомы мейлінше кішкене бөлшектерден құралғанын білуге мүмкіндік туды (Б.Айдарханов, Атом қуаты.).
Уранның атом ядросы нейтрон бөлшектеріне бөлінеді (Ж.Жатқанбаев, Су.).