lat: BÓLSHEK
зат.1.мат. Өлшем ретінде алынған бүтін санның (бірліктің немесе шаманың) белгілі бір не бірнеше бөлегін көрсететін сан атауы.
Қазіргі сан ұғымы түрлі сандарды - бүтін, бөлшек, теріс, иррационал, жорамал сандарды - қамтитын күрделі ұғым (А.Собалақов, Математика.).
Егер бөлу нәтижесі бүтін сан болмаса, онда бөлшек шығатынын мысырлықтар жақсы білген (О.Жәутіков, Математика.).
1767 жылы оның алгебралық теңдеудің заттық түбірін ажырату және оларды үздіксіз бөлшектер жәрдемімен жуықтап табу әдістері баяндалған «Сандық теңдеулерді шешу туралы» мемуары шығады (А.Көбесов, Математика.). Бөліндінің бүтіні мен бөлшегі бөлгішке дәл бөлінеді («Халық мұғ.»).
Айталық, берілген бөлшек рационал санды өрнектейтін болсын (О.Жәутіков, Жоғары матем.).
2.мат. Арифметикада бірліктің (бір бүтіннің) бір не бірнеше тең үлестерінен құралған сан.
Бөлшектің бөліміне бөлу арқылы әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткіші табылады (ҚСЭ).
Бөлшек мәндерден барынша құтылу мақсатында ол а=10 8 қосымша көбейткішін енгізеді (А.Көбесов, Математика.).