БӨЗ

lat: BÓZ

1. зат. Мақтадан тоқылған, арзан қолды, жұқа ақ мата.

Кішілер үлкендердің сөзін күтсін, ырым жасап,

Әйелдер бөзін жыртсын.

Жарасымды қауымға лаң салған,

Жәдігөй жантықтардың көзін құртсын! (2,374).

Төсекте ауру бала жатыр. Аурудың екі қолын бөзбен орап, шандып байлап тастапты (4,180).

2. сын. Бөзден істелген, бөзден жасалған .

Біз ант еттік қорғау үшін аманатын Қарғаштың,

Бөз орамал кезек-кезек алтамызда алмасты.

Бөз орамал қалтамызда арымыздай сақталды,

Жау шегініп, жойқын жорық бітуге де шақ қалды (1,307).

Жарты Ай тұр шар аспанда тозған таға,

Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!

Әжем жүр туған жердің топырағын,

Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға (2,6).