БӨЗ

lat: BÓZ

зат.1. Мақтадан тоқылатын жұқа, арзан қолды ақ мата. «Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді» деп, Байжан өзі тәуір болған соң, қол жетіп тұрған заманда бір бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар еді (М.Дулатов, Шығ.).

- Ей, батыр, бұл сен айтар сөзің емес, Уайым қып сескенер кезің емес. Келер істі жалғыз-ақ Алла білер, Ол сенің өлшеп сатар бөзің емес (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Арнайы Лепсі жәрмеңкесінен барқыт, шағи, бөз, сәтен сияқты маталар сатып әкеліпті (Ә.Шәріпов, Сахара.).

// Бөзден істелген.

Мінеки, ол чемоданының түбіндегі құмандай құйма қантты теңдей етіп ұсақтады да, бөз дорбаға салып, темір қобдишаны ұстап жылғаға тартты (М.Мақатаев, Шығ.).

Иніші жыртылған көйлектер, тері шалбар мен бөз көйлектің қасында ханның киіміндей (Х.Есенжанов, Тар кезең).

Бөз көйлегінің екі жауырынының ортасы сұрқайланып көрінеді (Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл).

2. э т н. Қайтыс болған адамға арналып тігілетін киім; кебін.

Тар лақатқа кірерсің

Бөзден кебін шұлғанып.

Дүнияда жүрген достарың

Кірмес көрге бір барып (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Саудырсыз сары қамқаны,

Садаға кеткір сұрайды

Самарқанның бөзіне

Кесілді түйін шешілсе,

Кердең мойын кесілсе,

Келмей кетпес кезіне.

О да - Құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңірінің құрған тезінебай, Тол. жин.).

Көзім жұмылған соң осынша байлықтан маған бұйыратыны - сарт тоқыған он метр бөз ғана, сондықтан «малдан айырылады екем» деп уайым етер жайым жоқ (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

// Жаман, нашар, бос, құнсыз.

«Өй, тәңірі айшыл», кер есек,

Қулық-сұмдық не өсек.

Болмаған соң бір есеп,

Мейлі қамқа , мейлі бөзбай, Тол. жин.).

Барды сылқым - ақ тамақ,

Жүретін ек мақтап-ақ.

Өскен сайын өзгерді,

Жұрттың бәрін бөз көрді (Жас қанат).

Тоғыз би сөз айтпайды, бөз айтады,

Дүттайдың тоғыз бисіз өзі айтады (Бес ғасыр.).