БҮЛІНБЕГЕН ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖҮКТІҢ ҚҰНЫ

lat: BÚLİNBEGEN JAǴDAIDAǴY JÚKTİŃ QUNY

Жүктің жартылай бүлінуі бойынша сақтандырушыға тиесілі шығындарды анықтау үшін әдетте қабылдау бекетінде бүлінбеген күйіндегі жүктің брутто-құны белгіленеді және оның бүлінген күйіндегі брутто-құнымен салыстырылады. Пайда болған екі соманың проценттік қатынасы сақтандыру сомасына жатады. Шығын жөндеу жұмыстарының шамасы сомасын құрағандықтан кемелердегі жартылай шығындарда бүлінбеген күйдегі кеменің бағасын анықтаудың қажеттілігі жоқ. Алайда, жалпы авария кезінде контрибуциялық капиталды анықтау үшін немесе құтқару операциялары кезінде контрибуцияны анықтау үшін әдетте бұзылмаған күйіндегі кеме құнының сертификатын көрсету талап етіледі.